Шымкентте көшелердің бойындағы аялдамалар, ондағы қоқыс жәшіктерін залалсыздандыру жұмыстары басталды.Таңертеңнен «ЛТД Тұрмыс» ЖШС арнайы техникасы және мамандары Тәуке хан даңғылындағы аялдамаларды, қоқыс жәшіктерін санитарлық дәрілеуде. Залалсыздандыру жұмыстарына үш техника және 20 маман жұмылдырылған.
Ғазиз Құрманғалин, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС маманы: «Дәрінің құрамы хлор мен Биофакт 120″. Дезинфекция барлық көшелерде жүргізіледі».
Айта кететін жәйт, «ЛТД Тұрмыс» серіктестігі қаладағы 125 көше мен Асардағы аумақтағы көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізу міндеті жүктелген.
Шынар Оразова