Түркістан қаласының әкімі қатаң ескерту жасады

260

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі. Түркістан қаласының көркеюі үшін тұрғындармен әрдайым пікірлесіп отырады. Әрі сын ескертпелерге де нақты жауап береді. Күні кеше мердігерлерге ескерту жасады.

«Құрметті мердігер ұйым өкілдері! Келісімшарт бойынша жауапкершіліктеріңізге алған жұмыстар сапалы атқарылу қажеттілігін тағы бір мәрте естеріңізге саламын! Жер қазып, бетін темірмен жәй жауып кету – сапалы жұмысқа жатпайды. Айтылған сөзді түсінбейтін компаниялармен қағаз жүзінде сөйлесетін боламыз.

Құрметті тұрғындар, жол бойында сапасыз орындалған жұмыс куәгері болсаңыз – @zhol_bolimi_turkestan бөліміне хабар берулеріңізді сұраймын. Жауапты мердігер компанияларға шара қолданылады. Қолдауларыңызға мың алғыс!», делінген әлеуметтік парақшада.