Түркістан облысының тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырды

80
фото inform.kz

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған 4 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

31 наурыз сағат 20:45 жағдай бойынша, елімізде коронавирус жұқтырған тағы 4 адам тiркелді: Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Түркістан облысында – 1 адам. ⠀ Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында – 13 адам, Ақмола облысында – 10 адам, Атырау облысы – 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 18 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 1 адам, жалпы 340 науқас бар. ⠀