Тыйым салынады…

852

Құрметті қала тұрғындары!

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 28-ші наурызында түнгі сағат 12:00-ден бастап келесі қосымша шектеу шаралары енгізіледі:

Шымкент әуежайының, теміржол вокзалының жұмыстары, авиа және теміржол қатынастары тоқтатылып;

– Қаладағы қоғамдық көліктің жұмысы сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі.
Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеліп, сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы «тағамдарды үйге жеткізу» режимінде жүзеге асырылады.

– Қоғамдық тамақтану орындарының (кафе, мейрамхана, қонақүйлерде орналасқан тамақтану орындары, көше бойындағы фаст-фуд, кафейня, балмұздақ, құйылмалы алькогольдік және алькогольсіз сусындар сату орталықтары және т.б.) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін бекітілісін.

– өз қызметкерлері мен персоналының санитарлық нормалардың талаптарын міндетті түрде орындауын қамтамасыз етсін.

– кіреберісте клиенттердің температурасын бақылауға және қолдарын санитарлық өңдеуді міндетті түрде қамтамасыз етсін.
Тұрғын үйлерде және аумақтарда іс-шаралар және басқа да салтанаттар, жиындар өткізуге қатаң тыйым салынсын.

Ірі сауда орталықтарындағы ойын-сауық аймақтарының, спорт кешендерінің қызметтері уақытша тоқтатылсын.

Шымкенттің аумағына/аумағынан сағат 21:00-ден 07:00 аралығында транзиттік жүк автокөліктерін, сондай-ақ, қала қажеттігі үшін азық-түлік тауарларын тасымалдайтын жүк автокөліктерін қоспағанда, барлық автокөлік түрлері мен азаматтардың кіруіне/шығуына тыйым салынсын.