Өзбекстаннан Қазақстанға нәпақа іздеп келген азаматтар жаппай туған жеріне қайта бастады. Салдарынан демалыс күндері «Жібек жолы» шекарасында кептеліс пайда болды. Кезекке тұрған жолаушыларға тіпті сол жерде түнеуге тура келген. Олардың далада қалуының басты себебі арғы бетте күшейген тексеріс жұмыстары.
Шахзод Базарбаев, Қарақалпақстан азаматы: «Шекарада екі күн түнедік. Қазақстандағы жұмысымыз аяқталды. Енді елге қайтайын десек «Жібек жолында» мынадай болып жатыр. Қайта қазақ бауырларға рақмет. Тамақ әкеп, палаткалар құрып берді. Барлығы жақсы».
Себебі, көрші елде коронавирустың алдын алу шарасы күшейтілген. Шекарадан тек 50 азаматтан өткізіп жатыр. Барлығы да медициналық тексеруден өтуі міндет. Оны күткен өзге жолаушылар болса, шекарада екі күн түнеген.
Назерке Үкібасова