42 500 теңгені жалған ақпарат беріп алғандар қатаң жазаланады

1114

Бүгінде Шымкентте 153 мыңға жуық тұрғын 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алған. Осыған дейін бұл қолдауға бас-аяғы 82 мыңнан астам азамат өтініш білдіріпті.

Салаға жауаптылар 202 мыңдай өтінішті түрлі себептермен кері қайтарған. Айта кетейік, карантин кезіндегі көмек тек төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандарға тиесілі. Ал қаржылай көмекті жалған ақпарат беріп алғандар қатаң жазаланады.

Ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезіндегі жәрдемақының үлестірілуі қатаң қадағаланады деген болатын. Ал кей тұрғындар төтенше жағдай кезінде әлеуметтік көмек ретінде төленген 42 500 теңгені қазірден-ақ қайтаруды ұйғарған.

Бұл туралы бүгін Еңбек және әлеуметтік қорғау вице – министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді. Айтуынша, ақшаны банктердің мобильдік қосымшалары арқылы қайтаруға болады. Министрліктегілер тіпті қаражатты кері қайтаратындар үшін арнайы нұсқаулық та әзірлеп үлгерді.

Мақпал Рысбаева