Төтенше жағдай туралы заңға сәйкес, мемлекет басшысы 2 сәуірде Қарулы күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай 35 жасқа дейінгі әскери міндеттілерді тіркеу жергілікті жерлердегі қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда жүзеге асырылуда.
Шымкент қаласындағы Абай және Әл Фараби аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасына келгендер өз еркімен әскери міндеттерін орындауға ниет білдіргендер. Арнайы құрылғымен дене қызуы тескерілгеннен кейін, ғимараттың екінші қабатында әскери билеттерімен тіркеуге алынуда.Медициналық тексеруден өткен 35 жасқа дейінгі әскери міндеттілер сапқа алынады. Еріктілердің алғашқы легі қала ауамағындағы блок-бекеттер, партрульдік қызмет және залалсыздандыру жұмыстарына жұмылдырылады.
Бейбіт уақытта әскери жиындарға шақырудан босатылады:
қорғанысты, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты лауазымдарда мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін азаматтар;
мемлекеттік, азаматтық және тәжірибелік авиацияның авиация персоналы;
егін және жинау жұмыстары кезінде ауылшаруашылық техникасын жөндеу ұйымдарында және ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтар;
оқу жылы кезінде күндізгі оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарының педагогика қызметкерлері;
күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;
әскери міндетті әйелдер;
әскери міндеттілер запастан шығарылғаннан кейін 2 жыл ішінде;
18 жасқа толмаған 3 және одан да артық балалары бар азаматтар;
оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;
Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары немесе жергілікті өкілдік органдар сайлаған әскери міндеттілер.
соттылығы бар азаматтар.
Шынар Оразова