Ауру жұқтырған азаматтар 1956ж, 2004ж, 1978ж,1981ж,1977ж, 1992ж,1967ж, 1946ж, 1969ж,1968ж,1979ж, Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты үш ошақ анықталды: «Самал 2» шағынауданы, Тассай тұрғын алабы және Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы.
18.042020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталды.