Түркістан: Індеттен жазылғандар саны 6-ға жетті

86

 

Түркістан облысында 17 сәуір күнгі ақпарат бойынша инфекциядан жазылғандар саны 6-ға жетті.

Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы поезбен келген Жетісай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округі, Әбдіхалық ауылының 1971 жылғы азаматшасы, оның 1971 ж. жолдасы, онымен жақын байланыста болған осы ауылдың 1962 ж. 1992 ж. тұрғындары толықтай COVID-19 дертінен жазылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, 4 сәуір күні қайтыс болған Жетісай ауданының тұрғынымен жақын байланыста болған Жылысу ауылдық округі, Байқоныс елдімекенінің 1972 ж. тұрғыны да ауруханадан шықты.

Атап өтейік, Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі, Ханқорған елдімекенінің 1946 ж. тұрғыны 1 сәуір мен 17 сәуір аралығында стационарлық ем қабылдап, бүгінгі таңда толықтай дертінен айыққанын хабарлаған болатынбыз.