Мақтаарал ауданындағы «Өргебас» ауылына таңғы 5:00-ден бастап су кіре бастаған болатын. Аталған ауылда құтқарушылар жұмыс атқаруда.
Бір жарым мың тұрғыны бар «Өргебас» ауылы бүгін таңнан бастап эвакуациялануда. ТЖД мамандары ауыл аралау барысында тізесінен жарақаттанып, жүре алмай қалған 1996 ж. Бимурзаев Бақдәулет атты тұрғынды құтқарып қауіпсіз жерге жеткізді.
Азаматтың өміріне еш қауіп жоқ. Дәрігерлер денсаулығын тексеруде.
Мақпал Рысбаева