Түркістанда нәрестелердің туылу көрсеткіші өсуде

109

 

⠀Түркістан қаласында бала туу көрсеткіші жыл сайын өсуде. Рухани шаһарда 2019 жылғы 4 айлық көлемінде 2212 сәби дүниеге келген. Ал, биылғы жылда бұл көрсеткіш – 2951-ге жетіп, салыстырмалы түрде өсім 739-ды құрады. Ол үшін 540 ақ халатты абзал жан қызмет етуде.⠀

2007 жылы ашылған перинаталдық орталық бүгінде 225 төсек-орынға шақталған. Түркістаннан өзге Кентау қаласы, Созақ және Отырар аудандарына, яғни 450 мың тұрғынға қызмет етеді.

Мұнда орталыққа келетін жүкті әйелдерге, жоғары қауіп тобындағы босанушылар мен босанған әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге, шала туған нәрестелерге мамандандырылған және мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық, неонаталдық, алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі.⠀

Жалпы, перзентхана құрамында ересектер және балалар реанимациясы, екі босанғаннан кейінгі бөлімше, перзентхана бөлімшесі, үш операциялық блок, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі, шала туған балаларды күту бөлімшесі, диагностикалық палатамен қабылдау бөлімшесі, гинекология бөлімшесі және консультациялық диагностикалық блок бар.Одан өзге дайын дәрілік заттарды сақтауға арналған дәріхана, рентген қосымша бөлімшелері де ашылған.⠀

Ал, соңғы 5 жылда 39686 бала дүниеге келді. Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жаңа заманауи аппаратуралар алынуда. Сонымен-бірге, акушер гинеколог, реаниматологтар, Кореяда, Литвада, Мәскеуде және Санкт-Петербургте білім алу мүмкіндігіне ие болды.

 

⠀⠀

QAINAR KÓZТүркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі