314 адам індетке шалдықты: елімізде науқастар саны көбеюде

136

Бүгінгі дейін елімізде 8 593 адам дертінен сауығып шықса, 67 науқас індет салдарынан көз жұмды

Қазақстанда тағы 314 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны расталды. Жалпы ел бойынша науқастар саны 13 872 адамға жетті, деп хабарлайды жедел штаб.

«Өткен тәулікте республика бойынша індетке шалдыққандардың саны 314-ке жетіп, өсім 2,3% құрады», – делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Қарағанды ​​облысы – 52 (4,0%);
Нұр-Сұлтан қаласы – 50 (1,9%);
Ақтөбе облысы – 48 (10,8%);
Алматы қаласы – 48 (1,6%);
Шымкент қаласы – 29 (2,8%);
Алматы облысы – 20 (4,3%);
Батыс Қазақстан облысы – 15 (1,7%);
Атырау облысы – 14 (1,1%);
Маңғыстау облысы – 11 (3,1%);
Шығыс Қазақстан облысы – 9 (4,2%);
Жамбыл облысы – 5 (1,1%);
Түркістан облысы – 4 (1,0%);
Солтүстік Қазақстан облысы – 4 (5,6%);
Ақмола облысы – 2 (1,1%);
Павлодар облысы – 2 (0,7%);
Қостанай облысы – 1 (0,5%).

Бүгінге дейін 8 593 адам дертінен сауығып шықса, 67 науқас індет салдарынан көз жұмды.