Шымкентте COVID-19 диагнозы 10 полицейден анықталған

237

Шымкентте COVID-19 диагнозы 10 полицейден анықталған. Инфекция табылған погондылар індетті қызмет бабында жұқтырған, бірақ ешқайсысы блок-бекетте кезекшілікте болмапты. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр осылай деді.

Айта кетейік, біздің арна тілшілері бұған дейін қалалық полиция департаментіне қауіпті індетке шалдыққан қызметкерлер санын білу үшін сұраныс хат жолдаған болатын. Алайда құзырлы мекеме бұл мәліметті департаменттің ішкі ақпаратына және қызметкерлердің жеке дербес деректеріне қатысты болғандықтан жауап беру мүмкін еместігін жеткізген еді. Алайда департамент құпия сақтаған ақпаратты қала әкімінің бірінші орынбасары бүкпесіз жеткізді.

Назерке Үкібасова