100-ге жуық ұсыныс енгізген

151

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 100-ге жуық ұсыну енгізген.Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали ағымдағы жылдың І-ші жартыжылдығында Департаменттің жұмысын қорытындылаған онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг болып табылады.
Бұл институттар, шын мәнінде, мемлекеттік органдардың ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі тәуекелдерді жоюдың пәрменді тетігіне айналды.

Тек ағымдағы жылдың өзінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 4 сыртқы талдау және 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді (талдаумен энергетика және тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, экология, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, гранттар мен қызметтік тұрғын үйлерді бөлу, салттық қызмет көрсету және мемлекеттік мүлікті беру салалары қамтылды).
Осы жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік органдарға 100-ге жуық ұсыныс енгізіліп, олардың үштен бірі орындалды.

Мысалы, білім беру жүйесінде оқу орындарының басшыларын тағайындау және оқытушыларды іріктеу рәсімдері жетілдірілді, жоғары лауазымдарға тағайындау үшін оқытушылар резерві институты құрылды, мектеп директорларын ротациялау туралы ұсыныстар енгізілді (қоғам өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен және онлайн өткізу арқылы комиссия құрамы өзгертілді, тесттен өту бейне тіркеуді жою мүмкіндігінсіз ашық түрде өтуде, үздік мұғалімдер лауазымын жоғарылатуға үміткер бола алады).
Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде жер қатынастары басқармасының қызметкерлерімен халықтың тікелей байланысын болдырмауға қол жеткіздік.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы пара алғаны үшін басқарма басшысының екі орынбасары ұсталды. Негізгі себеп азаматтармен тікелей байланыс болған.
Талдау көрсеткендей, өткен жылы азаматтарға 6 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді (6370). Бұл ретте олардың барлығы қағаз жүзінде және басқарманың кеңсесі арқылы (тек 11 электрондық түрде) көрсетілді.
Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін осы жылдың ақпан айында мегаполис әкімінің қатысуымен өткен жиында оларды жою бойынша кешенді шаралар қабылдау үшін айтқан болатынбыз.

Бүгінгі күні ұсыныстарымыз бойынша жыл басынан бері көрсетілген 4161 мемлекеттік қызметтің (10 түрі) 3889 – Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 171 -электрондық үкіметтің веб – порталы, 101 — әкімдіктің фронт кеңсесі арқылы ұсынылған.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, деп атап өтті Асхат Жұмағали.