Бұл күні коммуналдық мекеме қызметкерлері аумақтарда, көшелерде, аулаларда, кіреберістерде санитарлық тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді.
Осы орайда тұрғындардан санитарлық сақтық шараларын сақтауды — аулаларда, кіреберістерде, көшелерде қорғаныш бетперде және қолғап киюді сұраймыз.
Сіз кіреберісте баспалдақты немесе кеңседегі есік тұтқасын сүртіп, тазалау арқылы коронавируспен күреске жеке үлесіңізді қоса аласыз.
Бұл коронавирустың таралуын төмендетуге көмектеседі, өйткені инфекциялардың алдын алу шаралары мен денсаулықтың кепілі — тазалық.