Антикоррупция «СҚ-Фармация» қызметіне қатысты тексеріс бастады

120

Антикоррупция «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіне қатысты тексеріс бастады , – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«7 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, ол ағымдағы жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады.

Талдауды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, СҚ-Фармацияның қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүргізеді», – делінген хабарламада.