Úı ANONS Балабақшаларға тексеріс күшейеді

Балабақшаларға тексеріс күшейеді

Баласына алаңдаған ата-аналар үшін жағымды жаңалық. 1 ақпаннан бастап елімізде балабақшаларға жүргізілетін тексеріс тәртібі өзгереді. Енді мектепке дейінгі ұйымдарға мониторинг жасау ескертусіз жүргізілмек. Бұл өзгеріс ең алдымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тәрбие беру сапасын арттыруға бағытталған.

 

Соңғы жылдары балабақшаларда орын алған түрлі жағымсыз оқиғалар қоғамда үлкен резонанс тудырып, бақылауды күшейту қажеттігін көрсеткен.

СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Сіздердің тараптарыңыздан, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаты тарапынан мониторинг топ құрайық. Ол үшін ешқандай алдын-ала ақпарат жіберудің қажеті жоқ. Топ мүшелерін ертіп алып, аралап қайтсаңыздар болады».

Сонымен қатар, келесі жылы жекеменшік балабақшалардың барлығы лицензиялаудан өткізіледі. Сол арқылы мекемелердің материалдық-техникалық базасы, санитарлық талаптарға сәйкестігі, қызметкерлердің біліктілігі мен балалардың қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынады.

 

Айта кетейік, Шымкентте 653 балабақша болса, соның ішінде небәрі 71 ғана мемлекеттік мекеме.

Нұргүл Жолымбетова