Шымкентте Әуе қорғаныс бригадасының сарбаздары қысқы оқу кезеңін қорытындылай отырып, бақылау тексерісінен өтіп жатыр. Сәуір айының басынан бастап әскери бөлімдер мен бөлімшелерде дайындық деңгейін тексеру басталды. Бұл сынаққа қатысушылар негізгі әскери пәндер бойынша өз шеберлігін дәлелдейді.
Шымкентте әскери қызметшілер тексерістен өтіп жатыр. Сынақ кезінде сарбаздар негізгі әскери пәндер бойынша өз дайындығын көрсетеді. Яғни, тактика бойынша білімін, қаруды қолдану шеберлігі мен арнайы машықтарын, дене дайындығын және саптағы тәртіп бойынша деңгейін анықтайды.
ҚУАНЫШ САУЫТ, ӘУЕ ШАБУЫЛЫНА ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІСІ: «Бүгінгі күннен бастап әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында 2026 ж оқу жылының қысқы оқу кезеңі үшін, жалпы әскери Дайындық пәндерінен бақылау тексеріс сбаақтары өткізілуде. Бұл сабақ практикалық және теориялық тұрғында өткізілуде, сынақтык басты мақсаты әскери қызметшілердің жауынгерлік деңгейін айқындау болып табылады»
Бақылау сабақтары арнайы оқу алаңдарымен қатар, әскери бөлім орналасқан аумақта да өтеді. Әскери қызметшілер тек сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, іс жүзінде де тапсырмаларды орындайды. Олар сынақты жеке де, бөлімше құрамында да тапсырады.
ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
«Тексерістің негізгі мақсаты — жеке құрамның дайындық деңгейін, бөлімшелердің үйлесімділігін, сондай-ақ қысқа мерзімде жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын объективті бағалау».
Тексеріс нәтижесіне қарай бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен өткен оқу кезеңінің қаншалықты нәтижелі болғаны бағаланады.
Лаура Бабас






