Дәрігерлер мен көлік жетіспеушілігі шешіледі

158

Дәрігерлер жетіспеушілігі шешіледі. Вируспен күресуге медициналық колледждердің 112 түлегі тартылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Күн санап жедел жәрдемге шақыртулар жиілей түскенін ескерген министр елімізде арнайы көліктер қат болып отырғанын да жасырмады. Жаңа көліктер сатылып алынатынын жеткізген ведормство басшысы бұл түйіткілдің де жуық арада шешілетініне уәде етті.

Алексей Цой, Денсаулық сақтау министрі: «Жедел жәрдем көліктерінің жетіспеуі мәселесі қысқа мерзімнің ішінде әкімдіктермен бірге шешімін табады. Медициналық емес ұйымдардың есебінен осы мәселе ретке келтіріледі. Республикалық бюджеттің есебінен қазірдің өзінде 807 жедел жәрдем көлігі сатылып алынды. Ол көліктердің алғашқы партиясы, яғни 14-і шілде айында Нұр-Сұлтанға, 18-і Солтүстік Қазақстанға жеткізіледі».

Мақпал Рысбаева