Денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырушылардың күрт өсу себебін атады. Айтуынша, бірінші кезекте халықтың «бізден коронавирус инфекциясы көшіп кетті» деген сенімі инфекцияның өршуіне себеп болған.

Ұзақ уақыт карантин шараларынан кейін халық босаңсып кеткен. Министрдің айтуынша, қазақстандықтар көпшілік орындарда маска кимей, қауіпсіздікті сақтамаған.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, дүние жүзі халқы вируспен әлі ұзақ күресетін болады. «Сондықтан, маска кию біздің өміріміздің салтына айналуы керек. Қысқасы, босаңсу, белсенділік, адамдардың бір-бірін жақын араласа кетуі – вирустың одан ары кең таралуына жол ашты», – дейді министр.

Мақпал РЫСБАЕВА