Қанша шымкенттік той жасаймын деп жазаланды?

321

Шымкент тұрғындары карантин талаптарына қаншалықты бағынды? Бүгін бұл сұраққа қаламыздың бас полицейі жауап берді.

Сөзіне сенсек, 5 шілдеден бері үшінші мегаполисте той өткізем деп жаза арқалағандар болмаған. Басталғалы тұрған тойды дер кезінде тоқтаттық деген Ералы Жұмаханбетов шымкенттіктердің отбасылық думан өткізбегенін айтады.

Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы: «Той жасағысы келген адамдар болды. Иә. Бірақ, біз алдын ала барып, ескерттік… Учаскелік инспектор күніге аралап жүреді ғой. Содан кейін мобильдік группалар аралайды. Одан кейін бізге айтады. Осындай болайын деп жатыр екен деп. Біз барып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, одан кейін істемегеннен кейін не қыламыз статистиканы».

Назерке Үкібасова