Қазақстанда 306 науқас ауыр жағдайда жатыр

188

Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші 6,5 пайызға өсті. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық ахуал әсіресе солтүстікте өршіп тұр.

Осылай деген еліміздің тауарлар мен көрсетілетін қызметті бақылау комитеті пневмония мен коронавирус статистикасының бірігетінін тағы да айтты. Қазіргі таңда вирус жұқтырған 306 қазақстандық ауыр жағдайда жатыр екен.

Қазақстан бойынша коронавирус анықталғандар саны 65188-ге жетті. Олардың 32248 симптомсыз тасымалдаушылар. Осылай деген еліміздің тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлерін бақылау комитеті вирустың Қазақстанның солтүстігінде өршіп тұрғанын айтады. Соңғы аптада аймақта өсіп 5,5 пайызды құрапты. Ал, елімізде 6,5 пайыз.

Айта кетейік, қазір вирус жұқтырған 306 науқас ауыр жағдайда жатыр. Оның 67 жасанды тыныс алу аппаратымен байланған. Айта кетейік, қазір жұмысы артқан ақ халаттылар жағдайы да мәз болмай тұр. Пандемия басталғалы Қазақстанда 51 дәрігер вирус құрбаны болған. Кесірінен медицина қызметкерлерінің тапшылығы туындады.

«Қазіргі уақытта маман тапшылығы орын алуда. 46 мың маман мейірбикелер, дәрігерлер, санитарлар барлығы жұмылып осы коронавирусқа қарсы инфекциялық стационарларда жұмыс істеп жатыр. Әрине сырқаттардың үлкеюіне байлынысты мамандар тапшылығы көріп отырмыз. Олар инфекционистер, пульманологтар, эпидемиологтар тапшылығын көріп отырмыз».

Айта кетейік, соңғы кездері елімізде пневмониядан көз жұмғандар статистикасы жарияланбай жүр. Мұны жауаптылар аталмыш көрсеткіштің ковид-19 сандарына қосылуы мүмкін деп түсіндіреді. Тек қазіргі таңда әлемдік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осыдан соң елдегі сұрықсыз статистика қайта құбылуы мүмкін.

«Пневмония әртүрлі болу мүмкін. Біреуі вирустық болса, біреуі бактериялық болуы мүмкін. Тағы бірі тұмаудың асқынуынан тууы ықтимал. Осы мақсатта қазір бүкіләлемдік ұйыммен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе бізде ғана емес, өзге елдерде де туындаған. Пневмония статистикасы бар. Бірақ тексерістен кейін нақты вирусқа қатысы барларын ковид көрсеткішімен қосамыз».

Айта кетейік, бүгінге дейін елдегі 1 млн 700 мың адам коронавирусқа сынақ тапсырған. Билік Қытай Халық республикасынан осы уақытқа дейін 696 мың тест алдырыпты. Ол үшін ел бюджетінен 3 млрд. теңге жұмсалыпты.

Назерке Үкібасова