Құқықтық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейд жұмыстары өтті

335

 

Кентау қаласында кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасында құқық бұзушылық оқиғалары көбеюіне байланысты қала әкімдінің жанынан құралған комиссия мүшелері күнделікті рейд жұмыстарын жүргізуде.

Топ құрамына қала әкімінің орынбасары, жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері, мектеп басшылары, мәдениет, спорт, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері , жастар және БАҚ өкілдері енгізілді.

Рейд барысында ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған балдардың ата-аналарына ескертулер айтылды. Карантин кезеңінде қала тұрғындарына көшеде 3 адамнан артық топтасуға болмайтыны, маскасыз жүруге тиым салынатыны ескертілді.