Жеңіл атлетика манежіндегі күндізгі стационар санитарлық дәрігерлер рұқсатынсыз жұмыс істеген. Бұл туралы Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департемінті мәлімдеді.
Сөздерінше оларға қалалық денсаулық сақтау басқармасы өтініш бермеген. Ал, қала әкімдігі күндізгі стационарға жүгінетіндер қатарының азайғанын айтады.
Күндізгі стационардағы барлық кереует қазір бос. Мұнда тіпті медициналық мамандар да қалмаған. Себебі, көмек сұрап келетін науқастар жоқ. Осылай деген қала әкімдігі соңғы кездері мұнда емделушілердің мүлдем келмейтінін айтады.
Еске салайық, жеңіл атлетика манежінде бұған дейін күндізгі стационар ашылған еді. Бірақ, оның жұмысы екі аптаға ғана созылды. Сөйтсек, емдеу орны ешқандай рұқсатсыз ашылған екен.
Ғалымжан Әбішев, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Денсаулық сақтау басқармасынан жеңіл атлетика аренасында осы немесе басқа медициналық мекемені пайдалануға рұқсат беру туралы ресми өтініш түскен жоқ. Әрине, денсаулық сақтау басқармасы республика заңына сай барлық шараны қолдануы керек еді».
Әкімдіктің айтуынша қалада жедел түрде күндізгі стационар ашылу керек болған. Осылайша ол жеңіл атлетика манежінде үш күнде іске қосылды. Қала әкімі орынбасарының айтуынша онда барлық санитарлық талап сақталған.
Ербол Садыр, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «Онда бәрі заңды. Біз аренаны толығымен сәйкес келдік. Ішінде ұйымдасқан — таза және лас аймақтар ұйымдастырылды. Онда қабылдау ұйымдастырылды. Онда дәрі-дәрмектерді санитарлық нормаларға сәйкес сақтау болды».
«Бұл санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келді деген қорытынды бар ма?» деген сауалға Ербол Садыр «Болуы керек» деп жауап берді.
Айта кетейік, бұл Шымкенттегі жауаптылар рұқсатынсыз ашылған жалғыз стационар емес. Емдеу орындары рұқсатсыз жеке клиника, мектеп пен колледждерде ашылған. Әкімдік сөзінше, қазір жағдай тұрақталып, орталықтардың барлығы босап қалған.
Назерке Үкібасова