Еліміздің кейбір облыстарында бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері мәлімдеді.
Айтуларынша Шымкентте орталықтардың жұмыс уақыты 4 сағатқа көбейіп отыр. Осыған дейін 9-дан 14:00-ге дейін жұмыс істеген ХҚКО қазір сағат 18:00 -ге дейін жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі.
Алтынай ТАТАЕВА, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы: «Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті сағат 17.30-ға дейін брондау қажет. ХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз және медициналық маскалардың болуы талап етіледі».
Мақпал Рысбаева