Иіс пен дәм сезбеу: қашан қалпына келеді?

1286
фото BAIRAQ.kz

Түркістан облысы, Төлеби аудандық ауруханасы дәрігерлерінің кеңесі:

⠀Дәм мен иіс сезбеу–коронавирустың басты белгілерінің бірі. Әлсіздік пен қалтырау COVID-19-дың жиі кездесетін белгілері болса да, олар басқа жұқпалы ауруларда да болуы мүмкін. Ал иіс пен дәмнің жоғалуы — бұл тек COVID-19 тән симптом.

Коронавирус адамның миына мұрынның иіс сезу рецепторлары арқылы еніп, сол арқылы орталық жүйке жүйесіне жететінін ғылыми тұрғыдан анықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, коронавируспен ауыратын науқастардың шамамен 60% -ы иіс сезбейді. Коронавирустық инфекцяны жұқтырғандардың 90% -ның иіс пен дәм сезуі бір ай ішінде қалпына келеді. Алайда, қазіргі пандемияның ауқымын ескере отырып, сарапшылар көптеген адамдар үшін бұл симптом ұзақ мерзімді болуы мүмкін деп ескертеді.