Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолға алынуда. Қоғамның жегі құртына айналған дертті қоғам мүшелері бірігіп жеңу мақсатында бас біріктіріп отыр.
Осы орайда Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары М.Исабековтың төрағалық етуімен Сайрам ауданаралық әділет басқармасының қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында online форматында семинар кеңес өткізілді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа бой алдырудың соңы жақсылықпен аяқталмайтындығы туралы біраз мәліметтер айтылды. Сондай-ақ, семинар барысында Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары М.Исабеков сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, алдын-алу жұмыстарын және Әдептілік нормаларын, еңбек, орындаушылық тәртіптерін сақтауды және ауданаралық әділет басқармасына қарасты аудан тұрғындарына құқықтық түсіндіру жұмыстарын біріге отырып жүргізу керектігін атап өтті.
Мемлекеттік қызметкерлердің қоғамға жат қылыққа бой алдырмауы үшін алдағы уақытта да түсіндірме жұмыстары жалғасатын болады.
Айбаршын Нарбаева