Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

113

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 99 442 адамға жетті, өткен тәулікте 741 адамның індетке шалдыққаны анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 741 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 340 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Өңірлер бойынша (жалпы статистика/симптомсыз науқастар):

Нұр-Сұлтан қаласы – 163 / 56,
Алматы қаласы – 132 / 61,
Шымкент қаласы – 1 / 1,
Ақмола облысы – 42 / 19,
Алматы облысы – 18 / 15,
Атырау облысы – 30 / 29,
Шығыс Қазақстан облысы – 58 / 20,
Жамбыл облысы – 20 / 10,
Батыс Қазақстан облысы – 49 / 16,
Қарағанды облысы – 87 / 37,
Қостанай облысы – 31 / 16,
Қызылорда облысы – 5 / 3,
Маңғыстау облысы – 28 / 23,
Павлодар облысы – 21 / 9,
Солтүстік Қазақстан облысы – 38 / 12,
Түркістан облысы – 18 / 13.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 99 442.