Коронавирустан емделіп жатқан 170 қазақстандықтың жағдайы ауыр. Соның ішінде 36 науқастың ахуалы өте нашар деп бағалануда.

Елімізде қазір пандемиядан 25 912 адам емделуде. Олардың ішінде 139 сәби бар. Ал 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялайды. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел таратады.

Нұрлан Сұлтанбек