Қонақ үйде тойлатқандар құрықталды

209

 

Тәртіп сақшылары мен әкімдік өкілдерінен, санитар дәрігерлерлерден құралған мобильді топ кезекті рейд кезінде қонақүйдегі мерекелік думанның үстінен түсті.

Бірлескен топ Нұртас шағынауданы Шұғыла көшесінің бойында орналасқан қонақ үйлердің бірінде мерекелік іс-шара өтіп жатқанын анықтады. Демалыс орнында думандатып жатқан тұлғалар шұғыл түрде Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізілді.

Жеке басын анықтау түсініктімелері мен қол-саусақ іздері алынды. Тиісті құжаттар шара қабылдау үшін Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Мақпал Рысбаева