Шымкенттегі парақорлық цифрлы жүйе арқылы жойылады. Осылай деген қала әкімінің бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің тікелей эфиріне шықты. Және білім мен құрылыстағы былықтарды айтты. Сөзінше, енді бұл саланың басшылығына екінің бірі отырмайды. Және қызметкерлері де портал арқылы іріктеліп тағайындалады.
Шыңғыс МҰҚАН, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «Мектеп бір мұғалімді алатын болса, ол тек ала салмайды. Ешкім директорға мені жұмысқа ал деп ақша әкеп берсе де оны ала алмайды. Себебі кез-келген бос орын сол парталға орналастырылады. Қызметке тұрам дейтін үміткерлер порталға өтініштерін білдіреді».
Еске сала кетейік, кеше ғана қаланың агенттік басшысы тіклей эфирге шыққан еді. Және үшінші мегаполистегі параға құмар салаларды атаған. Оны ішінде білім, құрылыс, ауыл шаруашылық, құқық қорғау қызметкерлері аталды. Және олардың бірқатары 6 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылғанын айтқан еді. Бүгін бұл тақырыпты Шыңғыс Мұқан өзінше жалғастырды.
Шыңғыс МҰҚАН, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «Қазір жер қатынасы басқармасы мен сәулетті қосып жатыр. Себебі жерге өтініш берген адамдар жерге мәселесін барып шешеді. Ол жақта 10-15 күн қаралады. Сосын сәулетке жібереді. Сөйтіп, бір-бірімен футбол ойнап жүргенде азамат мемлекеттік қызметті уақытында сапалы ала алмайды».
Назерке Үкібасова