Шымкентте 2 млн. теңге сыйақыны неше медқызметкер алады?

136

Шымкентте провизорлық орындардың 90 пайызы босады. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау саласының өкілдері мәлімдеді.

Салаға жауаптылар қазір миллионды қалада эпидақуал бері қарап келеді дейді. Дегенмен, ақ халаттылар кез-келген уақытта бас көтеретін пандемияның күзгі толқынына тас түйін дайын болуымыз керек дейді. Қазір қалада емдеу мекемелерінде инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 3 мыңға жуық төсек-орын бар.

Дәулет ШОРАБАЕВ, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы: «Қолайсыз эпидемиологиялық ахуал кезінде COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26 провизорлық стационар жұмыс істеді. Сонымен қатар, шаһардағы емханалар жанынан құрылған 133 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 25 мыңға жуық науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен».

Ал қалада 2 млн. теңгелік сыйақы алатын ақ халаттылар саны әлі де көбеюі мүмкін. Осыған дейін бұл көмектің 30 медицина қызметкеріне берілгенін айтқан болатынбыз. Індет ушыққан тұста өз өмірін қатерге тігіп, қауіпті аймақтарда жұмыс істеген 155 маманның бұл мәселесін қазір арнайы комиссия қарап жатыр. Қызметкерлердің эпид.картасын ескере келе, комиссия мүшелері өз шешімін шығаратын болады.

Мақпал Рысбаева