Шымкентте 21 мыңнан астам отбасы АӘК алды

157

Шымкентте 102 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл жәрдем осы жарты жылдықта 21 мыңнан астам отбасына тағайындалған.

Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басақрмасының өкілдері мәлімдеді. Атаулы әлеуметтік көмек алған отбасыларының 1 жарым мыңнан астам мүшесі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Олар тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға тартылып, арнайы бағдарламалар аясында екі қолға бір күрек тапты. Тиісінше азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды алушылар қатары да көбейді.

Мақпал Рысбаева