Шымкентте «Визит» ЖШС-нің қоймасында өрт шықты

299

Шымкент қаласында 2020 жылғы 02 тамызда сағат 11:07-де Әл-Фараби ауданы, Төлеби көшесі бойында орналасқан «Визит» ЖШС-ның аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келіп жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімдерінің анықтағаны аталған объектіге қарасты жалпы көлемі шамамен 2000 ш.м. қойма және жапсарласа соғылған бастырманың астында пластик бутылка жасауға арналған шикізаттар жанған.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің көлемі шамамен 800 ш.м. Оқиға орнына №2 шақыртумен 21 техника мен 89 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндіру барысы туралы қосымша ақпарат жолданады.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы