Таксишілер табыстан қағылды…

142

«Самал» автовокзалы төңірегінен Түркістан мен Кентау бағытында жүре бастаған «Старекстер» жол жүру бағасының төмендеуіне ықпал етті дейді жолаушылар.

Әр жолаушыдан 3 мыңнан 6 мың теңгеге дейін алып келген таксишілер оңай табыстан қағылып, енді екі мың теңгеге де келісуде. Шымкенттіктер мәлімдеуінше, барлығын нарық реттеуде.

Аялдамалардың жанында жүрген жеңіл көліктің жүргізушілері автовокзалға беттеген әрбір адамды тоқтатып қызметін ұсынуда. Біз де жолаушы ретінде Кентауға жету құнын сұрадық.

Тілші: «2 мың дейсіз бе ?

Жүргізуші: «Ия, үйлеріңе дейін жеткізіп саламыз.

Түркістан мен Кентауға дейін жол кіре құнының төмендеуіне жолаушыларды қалааралық «старекстердің » тасымалдай бастағаны себеп болыпты.

Көлік жүргізушісі Сабыржан Дүйсебаев жолаушыларды жинауда. Карантинге қарамастан тамыздың ортасынан Кентауға адамдарды тасымалдауға кірісіпті.
Сабыржан Дүйсебаев, жүргізуші: «Несиеміз бар. Бала-шағаны асырау керек. Амал жоқ басқа. Автовокзалдан ешқандай рұқсатымыз жоқ. Таксилерді көрмейсіздер ме 3 тен 5-6 мыңмен апарады. Ал біз 1,5 мыңға жеткізіп саламыз».

Гүлдана Шәймерденова  «бізге бұл баға қол жетімді. Коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантинге дейін 1 мың 200 теңге төлеп келген едік. Бұған да шүкір. Балаларымзға да жақсы болып қалды»,- дейді Кентау қаласының тұрғыны.

Гүлдана Шәймерденова, Кентау қаласының тұрғыны: «Күнара жол жүремін. 1,5 мың теңгеден жақсы болды. Такси 5-6 мың 20 мыңға дейін көтерген күндері болды».

Жолаушылар «сақтық шараларын өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін сақтаймыз, еріккеннен емес, қажеттілік туындаған соң жолға шықтық. Әйтпесе үйде отырмаймыз ба ел қатарлы»,-дейді.

Шынар Оразова