Төлеби ауданы Жаңа ұйым ауылына кіре берістегі 3-4 шақырым болатын тар көшеге «сплошная полоса» сызбасы сызылған. Осыған байланысты жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы үшін сызбаны баспай басқарғандықтан, автокөліктер жолға сыймай, ауыл тұрғындары наразылық танытқан.Бұл жайында әлеуметтік желіде жазба таралған болатын.

Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімі тарапынан тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде аталған жолға негізсіз «сплошная полоса» сызбасын сызып халықтың сынына ұшырауына жол бергені үшін Төлеби аудандық Тұрғын үй шаруашылық бөлімінің бастығы үстінен 2020 жылы 15 тамыз күні Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 631-бабының 1-бөлігімен хаттама түзіліп 10 айлық есептік көрсеткіш (елу бес мың алты жүз) мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазіргі таңда аталған ауылдағы заңсыз сызылған «сплошная полосаның» барлығы алып тасталынды. Төмендегі суреттерден көрсеңіздер болады.