«Коронавирустан қорғайтын» пирамидалар бұзылатын болды

363

Сот Қазығұрт тауында тұрғызылған пирамидаларды бұзуға қаулы шығарды. Қаулы негізінде Қазығұрт тауындағы пирамидаларды бұзып, оны тұрғызған азаматқа айыппұл төлеуді міндеттеді.

Шымкент тұрғыны Бералы Артықалиев пирамидаларды тұрғызуға Мұхаммед пайғамбардың өзі аян бергенін айтқан. Екі жыл бойы ол демеушілер мен жақтастарын табуға тырысқан, алайда кейінге қалдыра берген жоспарын өз күшімен бастап кеткен.

Ер адам пирамидалар коронавирус мен жайсыз жағдайлардан қорғайды деп сендірді. Алайда, сот оның сөзіне сенбей, әрекетін заңсыз деп бағалады және айыппұл тақты.

Дүрия АМАНТАЙҚЫЗЫ, Қазығұрт аудандық сотының төрағасы: «Сот материалдарын толық зерделей келе азаматтың заңсыз 4 пирамида салғаны дәлелденді. Ер адам оларды бұзып, 15 АЕК көлемінде, нақты айтсақ, 41670 теңге айыппұл төлеуге болады».

Мақпал РЫСБАЕВА