Мәдениет, Тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

148

 

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Есенова Ханзада Әзімханқызы тағайындалды.

Ханзада Әзімханқызы 1972 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
1995 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика және мәдениет институтын, 2015 жылы Ресей білім академиясы Өнер және мәдениеттану институтын, 2016 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы — мәдени-ағарту жұмыстарының маманы-бос уақыт педагогы. Педогогика ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілендіру шебері.

Еңбек жолын 1989 жылы Шымкент қаласы Еңбекші ауданы комсомол жастар ұйымының тіркеу секторының маманы болып бастаған.

1990-1991 жылдары «Шымкент шина» зауытында комсомол жастар ұйымы хатшысының орынбасары болған.

1995-1999 жылдары Шымкент қаласы Оқушылар үйінде балалар мен жасөспірімдер студиясының ұйымдастырушы-педагогы болып жұмыс істеді.

1999-2000 жылдары Алматы қаласында дарынды балаларға арналған «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында қоғаммен байланыс жөніндегі жетекші маман болып еңбек етті.

2000-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық Өнер академиясында шығармашылық насихат бөлімінің меңгерушісі, оқу-өндірістік практика меңгерушісі, директордың оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары болды.

2002-2017 жылдары Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық көркемдеу мектебінің директоры болды.

2012-2017 жылдары Алматы қалалық маслихатының V-VI шақырылымдардағы депутаты болып сайланды.

2018-2019 жылдары Алматы қалалық мәдениет және мұрағаттар басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау Ұлттық комитетінің төрайымы болып еңбек етіп келген.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі