Мейрамханалардың жұмыс уақыты ұзарды

161

 

Шымкентте карантин шектеулері тағы жеңілдетіліп отыр. Бүгіннен бастап кафе-ресторандардың қызметі 9:00-ден -23:00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті өкілдері мәлімдеді.

Жабық ғимараттардағы тамақтану орындарында адам саны 30-дан аспауы тиіс. Отбасылық, еске алу кештерін ұйымдастыруға рұқсат жоқ. Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай жарияланғалы осындай шектеулердің бұзылуларына байланысты 25 млн теңгенің айыппұлы салыныпты.

Болат НҰРМАНОВ, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы: «Эпид. ақуал соңғы кезде бері қарап келеді. Қалада өткен үш тәулікте қауіпті инфекция жұқтырған бір де бір науқас тіркелмеді».

Бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5174 жағдайы тіркелді. 4442 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Мақпал Рысбаева