«Қашықтықтан оқытуға қаржы бөлінген жоқ»

166

«Қашықтан оқытуға қаржы бөлінген жоқ». Бүгін еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді.

Ол қашықтан оқытуға 70 млн. доллар бөлінді дегенді ақпарды жоққа шығарды. Айтуынша, өткен оқу жылының 4-тоқсанында қашықтан оқуға көшіру мәжбүрлі шара болған. Төтенше жағдай режимі кезеңі болғандықтан бұл толықтай тегін жасалыпты.

Ал Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектеп оқушыларын бірінші тоқсанда қашықтан оқытуды ұсынды. Айтуынша, 15 қыркүйек пен 15 қазан күндері жүргізілетін вакцинация халықтың әлсіз тобын, әсіресе жиі ауыратын балаларды ЖРВИ мен тұмаудың өршуінен қорғап қалады.

Алексей Цойдың пікірінше, бірінші карантинде мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашу сәтсіз тәжірибе болды. Мектептерде коронавирус инфекциясы тіркеліп, жабылып жатты.

Алексей ЦОЙ, Денсаулық сақтау министрі: «Сондықтан, мектептегі бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтауға кеңес береміз. Әрі қарай топтасқан ұжымдарда қанша науқас шығатынын зерттейміз және бұл мәселені ведомтсвоаралық комиссияға шығарып, мәселені қосымша қарастырамыз».

Мақпал Рысбаева