Шымқала тұрғындарының аптап ыстықта саялайтын, көрікті демалыс орындарының бірі – Қошқар ата бұлағы.
Бүгінде А. Асқаров атындағы дендрологиялық саябаққа қарасты Қошқар ата учаскесінде күнделікті күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, суғару, басты қақпа маңындағы гүлдерді арамшөптерден тазалау, шөп қырқу жұмыстары ұдайы атқарылуда. Жалпы санитарлық-тазалық жұмыстары басты назарда.
Сондай-ақ, бұлақ суы бетін арам шөптерден тазалау жұмыстары да назардан тыс қалмайды.