Рухани-мәдени орталықта 6 нысан биыл пайдалануға беріледі

84

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов биыл қолданысқа берілуі тиіс нысандар, абаттандыру және көгалдандыру, газдандыру, құрылыс жұмыстарын бақылауда ұстайды. Әрбір саланың тұрғындар үшін маңызы ерекше. Сол себепті, жауапты мамандармен бірге үнемі жұмыс барысын көріп, істің уақытылы орындалуын қатаң қадағалайды.

Жалпы, Қ. А. Ясауи кесенесі аумағы яғни, Рухани-мәдени орталықта 98 гектар жерде 30 нысан салынуы жоспарланса, соның 6-сы биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазірде Ұлы дала елі орталығы, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Қ.А.Ясауи музейі, Облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана және «Hampton by Hilton» қонақ үйі, Тұңғыш Президент саябағы және «Керуен сарай» кешенінің құрылысы қарқынды жүруде.

Одан өзге, Әкімшілік-іскерлік орталықта 89 нысанның салынуы көзделсе, Облыс әкімдігі, Азаматтарға арналған үкімет, тұрғын үйлер ел игілігіне берілген.
Шаһардың негізгі нысандары пайдалануға беріліп, елдегі карантин режимі аяқталса, туризм саласының дамуына үлкен үлес қосатынына сенім мол. Сонымен қатар, қала экологиясын жақсартуға сеп беретін «Жасыл белдеу», газдандыру жүйесі және де түрлі демалыс орындары да тұрғындар жайлылығы үшін ерекше қарқынмен іске асуда.