Шымкент қаласында 8 айда 22,9 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 процентке өскен.

Бұл өсімге мал шаруашылығы саласындағы өнім көлемін арттыру арқылы қол жеткізілді.

Атап айтқанда, 8 ай ішінде 100,4 миллион дана жұмыртқа алынды. Оның ішінде 23 миллион данасын «Тассай құс» және «Шымкент құс» ЖШС-тері өндірген. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, бұл дерек жұмыртқа өндіру 29,8 процентке көбейгенін көрсетеді.

Ал, ет өндірісі 1,1 процентке артып, 10,6 мың тоннаны құрап отыр. Бір ғана «Шымкент құс» ЖШС-інің өзінде бройлер тауық пен малдың 118,2 тонна еті өндірілген.

Сондай-ақ, есепті кезеңде 35,2 мың тонна сүт сауылып, өнім көлемі 3,3 прцентке артқан. Оның ішінде «Бәйтерек Агро», «Зертас», «Тұран агро продукт» ЖШС-тері сүт өндірісін 1,1 мың тоннаға арттырған.

Айта кетейік, қалада 81,5 мың — ірі қара, 106,8 мың – қой мен ешкі, 4,1 мың — шошқа, 14,5 мың – жылқы, 29 бас түйе және 100,1 мың құс бар.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі