Табиғи газбен қамту көрсеткіші 87 пайызды құрады

123

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төралығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте ең алдымен ТҮКШ, ЖК АЖ бөлімі басшысы Н.Шарипов аудан аумағындағы абоненттердің табиғи газға қосылу жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Қазіргі таңда аудандағы 55 елді мекеннің 48 елді мекені табиғи газбен толық қамтылып, жалпы қамтылу көрсеткіші елді мекендер бойынша 87,2% құрап отыр. Аудан басшысы Тасарық, Қаратөбе ауылдық округтерінде абоненттердің табиғи газға қосылу жұмыстарын тиісті ұйымдастыру, түсіндірме жұмыстарын мерзімінде атқарылуын тапсырды.

Екінші кезекте аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы О.Жанкалов кәсіпкерлікті дамыту және «InfoKazakhstan.kz» электронды платформасына аудандағы кәсіпкерлік субъектілердің тіркелуі туралы мәлімдеді. Сонымен қатар шағын және орта бизнес субьектілер санының 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 104,4%-ды құрайтындығын айтып өтті.

Жиын барысында аудан әкімі өзгеде мәселелерге тоқталып өтті. «InfoKazakhstan.kz» электронды платформасына кәсіпкерлік субъектілердің тіркелуін ұйымдастыру жұмыстарын жандандыру және мектептерде ашылатын кезекші сыныптарға санитарлық талаптарды сақтау мақсатында қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.