Шымкент қаласында заңсыз жұмыс істеген ойын залдары анықталды. Қалалық экономикалық тергеу департаменті ойын бизнесін ұйымдастырған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол ақшалай ұтыс беретін лото-терминалдар қызметімен айналысқан. Еңбекші аудандық сотының үкімімен қала тұрғыны қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, айыппұлға тартылды.
Камилхан Исмаилов, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу Департаментінің басқарма басшысы: «Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен, қала тұрғыны ҚР ҚК 307-бабының 1-б. сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Тәркіленіп алынған айғақты заттар (7 лото терминал) мемлекет пайдасына өндірілді».
Мақпал Рысбаева