«Ауылға берілетін білім гранттарын 50 пайызға көбейту керек»

234

Ауылға берілетін білім гранттарын 50 пайызға көбейту керек». Осылай деген депутат Ақылбек Күрішбаев Сенат отырысында ұсыныс жасады.

Шенеунік сөзінше, шалғайдағы шәкірттер ауылдағы білім сапасының төмендігінен мемлекеттік грантқа таласа алмай жүр. Кесірінен аймақтағы түлектердың көбі тегін білім алу мүмкіндігінен құр қалып отырғанын айтады.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР Сенат депутаты: «Ауылдық аймақтардағы білім беру нысандарына қажеттілік 312-ге жетті, 32 мектеп – апатты жағдайда, 86-сы – үш ауысымды. Мұнда 2 240 педагог жетіспейді, бұл еліміздегі жалпы қажеттіліктің 75 пайызын құрайды. Әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім беру мәселелері қатты алаңдатады. PISA нәтижелеріне сүйенсек, қала мен ауыл арасындағы білім сапасында 22-ден 37 балға дейінгі алшақтық бар. Ұлттық бірыңғай тест нәтижелері бойынша, ауыл мектептерінің түлектері қалалық оқушыларынан орта есеппен 5-6 баллға артта қалып отыр. Сондықтан да ауылдық жердегі орта білім беру сапасының төмендігінен көптеген дарынды балалар жоғары оқу орындарына мемлекеттік гранттар алуға ие бола алмайды».

Сондай-ақ, Сенат депутаты ауылдағы ағайынға қажеттіліктің мұнымен бітпейтінін айтты. Сөзінше, аймақтарда 550 мәдениет үйі, спорт залдары мен 150 кітапхана әлі күнге жеткіліксіз.

Назерке Үкібасова