Елді мекендерде бірде-бір топырақ жол қалмаған

331

Елбасының «Ауыл-ел бесігі» жобасы өңіріміздегі шалғай ауылдарда жүзеге асырылуда. Сарыағаш ауданындағы Жартытөбе ауылдық округіндегі елдімекендерде инженерлік инфрақұрылымдар дамытылуда. Биыл Ынтымақ ауылында электр жүйелері жаңаланып, көше жолдары жөнделіп жатыр.

Сарыағаш ауданы Сейдақбар ұста көшесіндегі Кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген жол тегістеліп, асфальт төселуде. 2 шақырымды құрайтын көше жолын мердігерлер бір-екі күнде толығымен пайдалануға тапсырамыз деп отыр.
Нұрғиса Байбатшаев, мердігер мекеменің өкілі: «Ынтымақ ауылында 6 көшенің жөндеуіміз керек. Қазір жөндеп жатқан 5-ші көше, тағы бір көшеміз бар. Орта жөндеу жүргізіліп жатыр. Асфальттың қалыңдығы 6 см».

Жартытбе ауылдық округіндегі 5 елдімекенде, жалпы 20 мыңнан астам халық тұрады. Жергілікті билік ауылдағы ағайынның әл-ауқатын жақсарту бағытында Үкімет қабылдаған «Ауыл -ел бесігі» жобасы аясында жоспарлар түзіп, соларды жүзеге асыруда.
Абай ӘШІРОВ, Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округінің әкімі: «Ынтымақ ауылында 11 көше болса, соның 6 орта жөндеуден өтуде. Жалпы Жартытөбе ауылдық округінде 113 көше бар. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша қаржы бөлінді».

Келер жылы Бостандық елдімекеніндегі көше жолдары жөнделетін болады. Әкімнің айтуынша, 7 көшенің 4-уінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Қаржыландыру көзі де қарастырылған. Шалғайдағы ауылдардың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға Үкімет тарапынан баса назар бөлінуде. Сондықтан болар, Жартытөбе ауылдық округіндегі елдімекендерде бірде-бір топырақ жол қалмаған.

Шынар Оразова