Алдағы уақытта көліктің нөмірі мен тіркеу куәлігі үйге дейін жеткізіліп береді. «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» қызметкерлері мұны eGov.kz порталында рәсімдей алады.
Бұл үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайды көрсетіп, қызмет ақысын төлеу жеткілікті. Бұған дейін азаматтарға бұл қызметтер үшін кем дегенде екі рет мамандандырылған ХҚО-ға бару қажет болған. Жеке тұлғаларға арналған қызмет көрсету 1 жұмыс күн ішінде атқарылады.
Мақпал Рысбаева