Есті алар есірткіге елітіп қана қоймай, оны өз үйінде өсіріп, пайда таппақты олжа көрген пысықай қолға түсті.
Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын есірткі затын аса ірі көлемде сақтаумен және сатумен айналысатындығы туралы ақпарат келіп түседі.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркеді.
Құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірц, сондай-ақ есіртікіні сақтау мен өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын біле тұра, заңсыз іске баратындардың қатары азаймай отыр.
Аталған азамат та заң құрығынан құтылып кетемін деп ойласа керек. Алайда…
Тәжірибелі тәртіп сақшылары Түлкібас ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын күдікті ретінде ер азамат ұстады. Тінту барысында қалтасынан «марихуана» табылды. Салмағы 100 граммнан астам құрайды. Бүгінгі таңда аудандық полиция бөлімінде тергеу жұмыстары жүргізілуде.