Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер еліміздің қауіпсіздігін, төтенше жағдайларда адамдардың өмірі мен мүлігін қорғап, азаматтарға әрқашанда жәрдем беріп келуде. Биыл өз қызметін намыспен атқаратын Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толып отыр.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала, облыс және республика көлемінде орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға өз үлестерін қосып келуде.
Мерейлі датаға байланысты 2020 жылғы 16 қазанда Н.Назарбаев даңғылында орналасқан алаңда сағат 10.30-да халықты өрттерден сенімді қорғау мақсатында әкімшілік тарапынан сатып алынған 31 жана арнайы өрт сөндіру техникаларының кілтін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністеріне табыстау рәсімі өткізіледі. Арнайы өрт сөндіру техникасы Беларус Республикасындағы «ПОЖСНАБ» зауытында шығарылған және мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы аясында алынған.
Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, Беларус Республикасының Қазақстан Республикасында Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Владимирович Утюпин, ҚР ТЖ министрлігінің Құрметті ардагері отставкадағы полковник Уалихан Ережепов, департаменттің жеке құрамы қатысады.
Өрт сөндіру қызметінде қазіргі таңда 100-ден астам өрт сөндіру техникасы бар. Бұл техниканың басым көпшілігі 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді және негізгі, арнайы, көмекші техникалардың жалпы санынан 51 % пайызын құрап отыр. Қазіргі таңда қаланың халқы мен әл-ауқаты өсуіне байланысты көптеген жоғары қабатты тұрғын үйлер салынуда. мұндай көп қабатты үйлерде қандай да бір төтенше жағдайлар орын алған жағдайда жаңа үлгідегі заманауи өрт сөндіру техникаларының өрт сөндіру автосатылары жоғарыға көтеріліп, өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге үлкен септігін тигізеді.
Іс-шара өз қызметтік міндеттерін сапалы, тиімді, мінсіз атқарған 8 қызметкер қала әкімінің атынан «Алғыс хатымен» марапатталады.
Өрт-құтқару спорты бойынша Шымкент қаласының өрт сөндіруші-спортшылары спорттық сайыстың түрлерін көрсетеді. Сатып алынған заманауи өрт сөндіру техникаларының ерекшеліктері мен мүмкіншілігі көрсетіледі.